«Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 178
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы
№ 336 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008.12.09. № 575 Бұйрығымен күші жойылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы № 1731 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Астық департаменті (Б.К. Боранғазиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін және осы бұйрықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Егіншілік және Астық департаменттеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.