Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы
шарттарды тiркеудiң тәртібі жөніндегі Ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік
құқығы жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 10 тамыздағы № 30 бұйрығы
(ҚР ӘМ Санаткерлік меншік құқығы ж/гі комитетінің
28.09.04 ж. № 58-п бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 58-НҚ Бұйрығымен күші жойылды
1999 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңын, 1999 жылғы 26 шiлдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тiркеудiң тәртібі туралы ереже бекітілсiн.
2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі басқарма осы бұйрықтың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
| Төрайым |
|
|
|
|
|
|
|
|
| Н. Сахыпова |
Әдiлет министрлігі
Санаткерлiк меншiк құқығы
жөніндегі комитетi төрайымының
2001 жылғы 10 тамыздағы
№ 30 бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы
шарттарды тiркеудiң тәртібі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) 1000, 1029-баптарына, 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңы 11-бабының 6-тармағына және 1999 жылғы 26 шiлдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес әзiрлендi және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тiркеудiң тәртібін белгiлейдi.
2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер қолданылады: