Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы
(2014.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мүлкiн басқару жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктердi бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық басқару құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауынан Комитеттiң қарауына берiлсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2005.17.10 ж. № 1041 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. ҚР Үкіметінің 2007.30.07 ж. № 639 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң, олармен бiрге тұратын өздерiнiң отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ осы жүйенiң зейнеткерлерiнiң Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде тегiн медициналық қызмет көрсетудi алуына құқығы бар;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке қабылданатын азаматтар, сондай-ақ олардың қызметкерлерi қылмыстық-атқару жүйесi органдарының кадр аппаратының жолдамасы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау үшiн iшкi істер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссияларында медициналық куәландырудан өтедi деп белгiленсiн.
8. ҚР Үкіметінің 2007.30.07 ж. № 639 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
9. Әдiлет министрлігі мен Ішкi iстер министрлігі Әдiлет министрлігінiң құрылымында қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмыс істеуi жағдайында Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiмен және қызметтерiмен өзара бiрлесiп, қылмыстық-атқару жүйесiнiң іс-қимыл жасау тәртібін белгiлейтiн бiрлескен бұйрықтар әзiрлесiн және қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 10-тармақтың күші жойылды
10. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
11. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Ереженің күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен тiзбенің күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 14.06.02 № 644 қаулысымен ; 2010.31.05. № 494 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.01. № 23 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысымен бекітілген
Комитеттің басшы құрамының үлгі лауазымдары санаттарының және оларға тиісті шекті
арнайы атақтарының
тізбесі