1. Құны: 567300 мың теңге (бес жүз алпыс жеті миллион үш жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Жерасты және ашық кен жұмыстарында істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-б бұйрығымен бекітілген Орталықтан төленетін Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік кепілдікті міндеттерін Заңда белгілеген мөлшерде қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарында істеген стажы бар және жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды уақытылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Жерасты
және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше
ауыр жұмыстарында белгіленген стажы бар адамдарды ай сайын кіріспен
қамтамасыз ету. Жәрдемақылар алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық
саны 7180 адамды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 44 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
Паспорт
Жерлеуге арналған жәрдемақы
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
2002 жылға арналған
1. Құны: 1827745 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жиырма жеті миллион жеті жүз қырық бес мың теңге).
ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар Жарлығы, 32-бабы;
"Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 136-1 Заңы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-1 Заңы, 8-бабы; Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы, 7-бабы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-11 бұйрығымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен Орталықтан төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулық.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қосымша әлеуметтік көмек.
ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды уақытылы төлеу.
ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қайтыс
болуына байланысты зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерін әлеуметтік қолдау. Жерлеуге арналған жәрдемақы және
жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және
ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы
жәрдемақылар алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық саны 131760 адамды
құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 44 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
Паспорт
Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
2002 жылға арналған
1. Құны: 601000 мың теңге (алты жүз бір миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1788 Заңы, 12-бап.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қосымша әлеуметтік қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушы зейнеткерлерге ақшалай өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау. Біржолғы ақшалай
өтемақыларды алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық саны 46666 адамды
құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 44 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
Паспорт
Заңды тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда мемлекетке сотпен
жүктелген адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу
______________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
2002 жылға арналған
1. Құны: 567000 мың теңге (бес жүз алпыс жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім, 945-бап, 3-тармақ).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Заңды тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда мемлекетке сотпен жүктелген адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер - заңды
тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда адам өмірі мен денсаулығына келтірілген
зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.