Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 001 «Әкімшілік шығындар» республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған паспортын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 қаңтардағы № 102 қаулысы (ҚР Үкіметінің 09.12.02 ж. № 1291 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің 001
"Әкімшілiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға
арналған паспортын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 25 қаңтардағы № 102 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.12.02 ж. № 1291 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

"Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңын орындау үшiн және "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған паспорты бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 25 қаңтардағы № 102 қаулысына

қосымша

ҚР Үкіметінің 09.12.02 ж. № 1291 қаулысымен қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі

________________________________________________________________-

Бюджеттік бағдарламаның әкiмгерi

001 "Әкiмшiлік шығындар"

республикалық бюджеттік бағдарламаның 2002 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 650 364 мың теңге (алты жүз елу миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 8, 18, 21-24-баптары; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы; "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысы; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаттары.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:

 
 
 

     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Қазақстан

Республикасының  Көлік  және  коммуникациялар  министрлігіне    жүктелген
функциялар мен міндеттерді сапалы және уақытылы орындау.