Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат беру нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж. 20 желтоқсандағы № 543 қаулысы (ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37; 2005.19.04 № 129 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен
мәмілелері жөнінде ақпарат беру нысанын бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж.
20 желтоқсандағы № 543 қаулысы

(ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау

жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37 ; 2005.19.04  № 129  қаулыларымен

енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.17.06. № 134 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37 қаулысымен атауы өзгертілді

Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы қаулының қосымшасына сай "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат" нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР ҚҚА  Басқармасының 2005.19.04  № 129 Қаулысымен   3 тармақ өзгертілді (Бұр. ред. қара)

3. Банктер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша олармен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен өзінің мәмілелері жөніндегі ақпаратты электрондық түрде ай сайын, есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынады деп белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.