Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 147 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң түзеу мекемелерiнде
жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 147 бұйрығы

ҚР Әділет министрінің 21.10.04 ж. № 305 қаулысымен күші жойылды

Қылмыстық-атқару заңдарын iске асыру және Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын одан әрi жетiлдiру мақсатында

бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн.

2. Осы Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Төрағасына жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының

Әдiлет министрi

 

 

 

 

 

 

 

 

И. Рогов

Қазақстан Республикасының

Әдiлет Министрінің

2001 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 147 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің

Қылмыстық атқару жүйесіндегі түзеу мекемелерiнде

жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тәрбие

жұмысын ұйымдастыру жөніндегі

нұсқаулық

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрінің қылмыстық атқару жүйесіндегі түзеу мекемелерiнде (бұдан әрі - ТМ) жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тәрбие жұмысын реттейдi.

2. Тәрбие жұмысы сотталғандармен ТМ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысымен, Өкімімен, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлігінiң нормативтiк құқықтық актілерімен және Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрінің Қылмыстық атқару жүйесi Комитетiнiң нормативтiк құқықтық актілеріне байланысты жүргiзiледi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.