Салық органдарының салық төлеушілер мен салық агенттерінен электронды
түрде магнит тасығыштардағы салық есептерін және 307.00 нысандарын
қабылдау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс министрлігінің 2002 жылғы 14 ақпандағы № 221 бұйрығы
(ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 28.06.02 ж. № 600а
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы Министрлігінің 04.03.03 ж. № 91 бұйрығымен күші жойылды
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 69 бабын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған салық органдарының салық төлеушілер мен салық агенттерінен электронды түрде магнит тасығышта салық есептілігін қабылдау Ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
2. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитетінің Төрағалары салық төлеушілерден салық есептілігін белгіленген Ереже бойынша қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Ақпараттық технологиялар Департаменті (Евсюков А.В.) Ережені ҚР МКМ \wеЬ-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі Департаментке жүктелсін (Төлегенов Н.М).
ҚР МКМ 28.06.02 Ж. № 600а бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2002жылдың 1 шілдесіне дейін әрекет етеді.
Министр | 3. Кәкімжанов |
ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
2002 жылғы 14 ақпандағы № 221 бұйрығымен
Бекітілген
Салық органдарының салық төлеушілер мен салық агенттерінен
электронды түрде магнит тасығыштардағы салық есептерін және
307.00 нысандарын қабылдау Ережесі
Осы Ереже салық органдарының салық төлеушілер мен салық агенттерінен электронды түрде магнит тасығыштардағы салық есептілігін және 307.00 нысанын қабылдау (бұдан әрі - есептілік нысаны) тәртібін бекітеді.
1-Тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: