1. Құны: 12780 мың теңге (он екi миллион жетi жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы № 194-II Заңымен ратификацияланған "Өнеркәсiптегi және саудадағы еңбек инспекциясы туралы" Халықаралық еңбек ұйымының 1947 жылғы № 81 Конвенциясының 11-бабы, "Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-I Заңының, 102, 103, 104-баптары, "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік еңбек инспекторлары зиянды өндiрiстiк факторларды жедел анықтау жөніндегі өлшеулердi жүргiзуi үшiн бақылау-өлшеу құралдарын сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Зиянды
өндірістік факторларды анықтау жөніндегі өлшеулерді жүргізу үшін аумақтық
органдарды бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету. Жұмыс жағдайы зиянды
жұмыстарда істейтін ұйымдардың, адамдардың консультациялық және еңбек
құқықтарын қорғау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
14-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Жұмыспен қамтудың, кедейшiлiктiң ақпараттық базасын
қоса жiберу" 500 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 38657 мың теңге (отыз сегiз миллион алты жүз елу жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шілдедегi № 983 қаулысы "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереже", Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 маусымдағы "2000-2002 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарлама туралы" № 833 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi "2000-2002 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" № 1164 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралары туралы" № 1685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жұмыссыздық, кедейшiлiк деңгейiн төмендету, республикада аз қамтамасыз етiлген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлуi туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында еңбек рыногы бойынша мониторингты ұйымдастыруда мемлекеттік саясатты iске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласына ақпараттық технологиялар, ақпарат өңдеу жүйесін енгізу, еңбек рыногының сұранымы мен ұсынымының мониторингін құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: азаматтар
мен жұмыс берушілер тарапынан түсетін ұсынымдар мен сұранымдардың жалпы
республикалық ақпарат рыногына кіруді қамтамасыз ету, еңбек рыногының
республикалық базасының негізінде аймақаралық еңбекке орналастыру
мүмкіндігін іске асыру. Республикада кедейшілік мониторингін қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
15-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Жұмыспен қамту, кедейшiлiк ақпараттық базасын дамыту"
600 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3493 мың теңге (үш миллион төрт жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4, 6, 8, 12, 15-баптары, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереже" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысы, "Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы" 2000 жылғы 1 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң № 833 қаулысы, "Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 1164 қаулысы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек, жұмыспен қамту, кедейшiлiк саласына ақпараттық технологияларды, ақпаратты өңдеу жүйелерiн енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласын техникалық жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: