1. Құны: 49790 мың теңге (қырық тоғыз миллион жетi жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi:
"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы № 692-XII Заңы, 19-бап, "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: мүгедектер мен ардагерлердi оңалтуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектер мен ардагерлердiң жасын және денсаулық жағдайын ескере отырып, демалу және сауықтыру үшiн тиiстi жағдайлар жасау, емдеу-алдын алу iс-шараларын өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындаудан күтілетін нәтижелер: мүгедектер
мен ардагерлердің жалпы денсаулық жағдайын жақсарту және өмір ұзақтығын
арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Қаза тапқан, қайтыс болған
әскери қызметшiлердiң ата-анасына, асыраушыларына,
қамқоршыларына берiлетiн бiржолғы төлемдер"
056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-анасына, асыраушыларына, қамқоршыларына берiлетiн бiржолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы № 284 Жарлығы, "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-анасына, асыраушыларына, қамқоршыларына берiлетiн бiржолғы төлемдердi жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 мамырдағы № 80 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-анасын, асыраушыларын, қамқоршыларын әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақшалай төлемдердi уақытылы жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: әлеуметтік
қолдау мақсатында қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің
ата-анасына, асыраушыларына, қамқоршыларына уақытылы төлемдерді қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Өткен жылдардың мiндеттерiн орындау"
006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 460 000 мың теңге (төрт жүз алпыс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтардың алдындағы зейнетақыға үстемеақы төлеу жөніндегі мемлекеттiң міндеттерiн орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
зейнетақыларға экологиялық үстемеақылар бойынша міндеттемелерді орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтың қызметтерiне ақы төлеу"
055 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2617673 мың теңге (екi миллиард алты жүз он жетi миллион алты жүз жетпiс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-І Заңы, 1-бап, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық"ЄРеспубликалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы, "Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың Ережесi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы, "Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342 қаулысы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығымен бекітілген, Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген Орталықтан зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды және мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындаудың және төлеудiң тәртібі туралы Нұсқаулық.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бойынша мемлекеттік мiндеттемелердi орындауға байланысты қызметтердi ұсыну.
5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы мен жәрдемақылардың төленуiн қамтамасыз ету. Республиканың барлық азаматтарына әлеуметтiк жеке код беру, мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардың бiрыңғай орталықтандырылған базасын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: зейнетақы
мен жәрдемақылардың толық және уақытылы төленуiн қамтамасыз ету. Мiндеттi
зейнетақы жарналарын есепке алу. Мiндеттi зейнетақы жарналарын
төлеушiлерден жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытылы аударуды жүзеге
асыру. Салық бақылауын қамтамасыз ететiн орталық уәкiлеттi органдарға және
төлеушiлерге мiндеттi зейнетақы жарналарының аударылуы туралы ақпарат беру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
9-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a қаулысымен 9-қосымша өзгертілді