Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қаңтардағы № 118 қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a; 22.11.02 ж. № 1242; 14.12.02 ж. № 118б; 28.12.02 ж. № 118в қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жұмыспен
қамтудың, кедейшіліктің ақпараттық жүйесін қазіргі уақыт деңгейінде
техникалық жабдықтау.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 26 қаңтардағы

№ 118 қаулысына

16-қосымша

ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a; 14.12.02 ж. № 118б қаулыларымен 16-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың

ақпараттық жүйесiн дамыту"

601 республикалық бюджеттік бағдарламаның

2002 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 519690 мың теңге (бес жүз он тоғыз миллион алты жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын дамытуды қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiн есепке алудың автоматтандырылған деректер банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 қаулысы, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың техникалық паркiн жаңарту, Қазақстан Республикасының салық төлеушілерi есебінің автоматтандырылған деректер банкi бағдарламасына қатысу, әлеуметтiк төлемдердi тағайындаудың автоматтандырылған жүйесiн құру, әлеуметтiк төлем алушылардың деректер банкiн (электрондық мұрағатын) қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты техникалық жабдықтау және ақпараттық жүйесiн дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

 
 
 

     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан

Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін қазіргі
деңгейдегі компьютерлік техникамен қамтамасыз ету.
     Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жүйесiн автоматтандыру, әлеуметтiк
төлем алушылардың деректер банкiн (электрондық мұрағатын) қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 26 қаңтардағы

№ 118 қаулысына

17-қосымша

Қазақстан Республикасының Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігінің есептеу және ұйымдық техникамен қамтамасыз ету"

602 республикалық бюджеттік бағдарламаның

2002 жылға арналған

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 10660 мың теңге (он миллион алты жүз алпыс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 Заңының 102, 103, 104-баптары, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді қазіргі уақыт деңгейінде жүзеге асыру, еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 22.11.02 ж. № 1242 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін қазіргі есептеу және ұйымдық техникалық жабдықтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: