Өкім нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс Министрлігінің 2002 ж. 31 қаңтардағы № 105 бұйрығы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысаны бекітілсін.
2. "Бланкі өнімдерінің бірыңғай нысандары туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 73 бұйрығына № 15 қосымшаның күші жойылды деп танылсын.
3. Талдау және болжау департаменті (Маханов Н.З.) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің көрсетілген нысанын келіссін.
4. Осы бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.