Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату туралы ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысы (ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігінің 19.01.04 ж. № 8 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
еріксіз тарату туралы ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысы
(ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау
ж/гі агенттігінің 19.01.04 ж. № 8 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 77 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігінің 19.01.04 ж. № 8 қаулысымен қаулының атауы және мәтін бойынша сөздер өзгертілді

Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату туралы ереже бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

2. Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) және Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын.

3. Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату туралы ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.