Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1769 тіркелген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша
әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы
ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын
және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 77 Қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз таратуды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1769 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі атауында және мәтін бойынша "ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және" деген сөздер "ұйымдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережеде: