2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi
ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 20 ақпандағы № 229 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 892 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 892 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi (бұдан әрi - облыс әкiмдерi):
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2002 жылға арналған облыстық бюджеттерде осы қаулының 6-тармағына сәйкес алынған несиелер бойынша түсiм, өтем және сыйақы көзделген тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiн, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды тапсырсын;
2) жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру амалын көздейтiн iшкi ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2002 жылғы 1 наурызға дейiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 46 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бағдарламасы бойынша бекітілген сома шегiнде көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомаларын облыстар қимасында анықтасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен облыстардың әкiмдерiне жеткiзсiн.
4. Облыстардың әкiмдерi 2002 жылға облыстық бюджетте осы қаулының 3-тармағына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі жеткiзген сомалар шегiнде көктемгі егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомасының республикалық бюджеттен түсуiн көздесiн.
5. Көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне осы қаулының 6-тармағына сәйкес көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiруге арнап республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты қарызға алуына рұқсат етiлсiн.
6. Осы қаулының 2-тармағын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға арнап бұл мақсатқа 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражаттан осы қаулымен бекітілген ережеде белгiленген шарттарда 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге сомасында несие, оның iшiнде әкiмдерге:
Ақмола облысының - 837 000 000 теңге;
Ақтөбе облысының - 152 000 000 теңге;
Алматы облысының - 230 000 000 теңге;
Шығыс Қазақстан облысының - 200 000 000 теңге;
Жамбыл облысының - 110 000 000 теңге;
Батыс Қазақстан облысының - 160 000 000 теңге;
Қарағанды облысының - 186 000 000 теңге;
Қостанай облысының - 900 000 000 теңге;
Қызылорда облысының - 45 000 000 теңге;
Павлодар облысының - 200 000 000 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысының - 900 000 000 теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысының - 80 000 000 теңге бөлсін.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының