Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған құн
салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру және қосылған құн салығын
төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есептен шығару ережелерін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 2001 ж. 15
желтоқсандағы № 1736 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрінің 20.11.02 ж. № 581
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007.25.03. № 157 Бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 20.11.02 ж. № 581 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бұйырамын:
ҚР Қаржы министрінің 20.11.02 ж. № 581 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні есепке қою, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру және қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есептен шығару ережелері бекітілсін.
2. Әдістемелік департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
Қазақстан Республикасының
| Мемлекеттік кіріс Министрі | З. Кәкімжанов |
Мемлекеттік кіріс Министрінің
2001 ж. 15 желтоқсандағы
№ 1736 бұйрығымен бекітілді
ҚР Қаржы министрінің 20.11.02 ж. № 581 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған
құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру және қосылған құн
салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есептен шығару ережелері