Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 ж. 22 ақпандағы № 39-ө бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттік
қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс
стажын есептеудiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 ж.
22 ақпандағы № 39-ө бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.30.03 № 106-ө Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру және мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің стажын есептеу бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Министр

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтiк

қорғау Министрінің

2002 жылғы 22 ақпандағы

№ 39-ө бұйрығымен

"бекітілген"

Мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттік

қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы

бойынша жұмыс стажын есептеудiң

ЕРЕЖЕСI

1. Осы Ереже мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiнiң мемлекеттік қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудiң тәртібі мен шартын реттейдi.

2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелерде және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда сол мамандық бойынша жұмыс iстеген барлық уақыт есептеледi, сондай-ақ:

1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыт;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.