Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 ж. 13 ақпандағы № 31-ө бұйрығы
(2008.18.01. берілген толықтыруларымен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө Бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246-II Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгiлеудiң ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 2 «Жиынтық табысты есептеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
4. Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек департаментiнiң директоры (Әбдiқалықова) облыстық, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарына осы бұйрықтың жетуiн қамтамасыз етсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр М.Х. Өтеулинаға жүктелсiн.
| Министр | Қарағұсова Г.Ж. |
Келісілген:
Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі агенттігінің
төрағасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрінің
2002 жылғы 13 ақпандағы
№ 31-ө бұйрығымен
бекітілген
Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының)
жиынтық табысын анықтаудың
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi № 246-II Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың тәртібін көздейдi.
1. Жалпы ережелер