Төлем көзінен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу Есебін құрастыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 2002 ж. 1 ақпандағы № 125 бұйрығы (күші жойылды)

Төлем көзінен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс
салығын есептеу Есебін құрастыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 2002 ж.
1 ақпандағы № 125 бұйрығы

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 ж. 7 қарашадағы № 445 бұйрығымен осы бұйрықтың күші жойылды

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің (Салық Кодексі) 153 бабын іске асыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Төлем көзінен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу Есебін құрастыру Ережесі бекітілсін.

2. Әдістеме департаменті (Үсенова Н.Д.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министірлігіне мемлекеттік тіркеу өтуге жіберсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

З. Кәкімжанов

Бекітілді

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс Министірінің

2002 ж. 1 ақпандағы № 125

бұйрығымен

Төлем көзінен салық салынатын

қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс

салығын есептеу Есебін құрастыру Ережесі

1. Осы Ереже Салық Кодексінің 153-бабына сәйкес әзірленіп, төлем көзінен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс салығын біркелкі есептеу тәртібін және төлем көзінен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу, енгізілген формаға сәйкес Есебін айқындайды.

2. Есепте салықтөлеушімен мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) 1 бағанда есепті салық кезеңінің тиісті айларын;

2) 2 бағанда есепті салық кезеңінің тиісті айы үшін есептелген табыстардың сомасын;

3) 3 бағанда есепті салық кезеңінің басынан бастап үдемелі жиынмен есептелген табыстардың сомасын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.