"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығын мерекелеуге дайындық
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.
11 наурыздағы № 288 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен келісілген 2002 жылы "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығын мерекелеу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына дайындық және оны өткізу жөніндегі республикалық комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
4. "2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 48-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2001-2002 жылдар кезеңінде республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жолдағы "Орындалу мерзімі" деген бағандағы "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.
5. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 2002 жылға арналған жергілікті бюджетте жоғарыда аталған іс-шараны өткізуге қажетті қаражатты көздеу ұсынылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 наурыздағы
№ 288 қаулысына
қосымша
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына
дайындық және оны өткізу жөніндегі
республикалық комиссияның
Құрамы
Беркімбаева - Қазақстан Республикасының
Шәмша Көпбайқызы Білім және ғылым министрі,
төрайым
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрі,
төрайымның орынбасары
Қасқабасов - Қазақстан Республикасының
Сейіт Асқарұлы Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының директоры
Ахметов Зәки - Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының
академигі (келісім бойынша)
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының
Мырзатай Білім және ғылым министрлігі
Л. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің ректоры
Сыздықова - Қазақстан Республикасы
Рабиға Ұлттық ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі
(келісім бойынша)
Метте - Шығыс Қазақстан облысының
Виталий Леонидович әкімі
Тілеухан - Қазақстан Республикасының
Бекболат Қанайұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі
Мәдениет комитетінің төрағасы
Есдәулет - Қазақстан Республикасының
Ұлықбек Оразбайұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің
Әлеуметтік-мәдени даму
бөлімінің сектор меңгерушісі
Әзібаева - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Уәлиқызы Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты қолжазбалар
және текстология орталығының
жетекшісі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 наурыздағы
№ 288 қаулысымен
бекітілген
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына
дайындық және оны өткізу жөніндегі
іс-шаралардың
Жоспары