«Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі
жөніндегі» нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 ж. 21 ақпандағы № 103 бұйрығы
(2011.23.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен күші жойылды
Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру мен жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі» нұсқаулық бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2011.23.02. № 88 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ішкі істер департаментінің бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты жол полициясының, жол қозғалысын қадағалауға тартылатын ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің оқып-үйренуін қамтамасыз етсін;
2) жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Ішкіісминнің Жол полициясы департаментіне (Н.Т. Мырзабеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.