Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 наурыздағы № 292 қаулысы
Қазақстанның көрнектi қоғам қайраткерi, жастар қозғалысының белсендiсi Ғани Мұратбаевтың есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 48-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2001-2002 жылдар кезеңiнде республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
2. Қосымшаға сәйкес құрамда Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойына
дайындық және оны өткізу жөніндегі республикалық комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойына
дайындық және оны өткізу жөніндегі iс-шаралар жоспары бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 наурыздағы
№ 292 қаулысына
қосымша
Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойына дайындық
және оны өткізу жөніндегі республикалық
комиссияның құрамы
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрi,
төраға
Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының
Шәмша Көпбайқызы Білім және ғылым министрi,
төрағаның орынбасары
Қалетаев - Мәдениет, ақпарат және
Дархан Аманұлы қоғамдық келісім министрлігі
Жастар саясаты департаментiнің
директоры, хатшы
Алтынбаев - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қапашұлы Қорғаныс министрi
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Әбілфайызұлы Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi
Нұрғисаев - Қызылорда облысының әкімі
Серiкбай Өрікбайұлы
Тiлеухан - Қазақстан Республикасының
Бекболат Қанайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі
Мәдениет комитетінің төрағасы
Сариева - Қазақстан Республикасының
Рысты Халесқызы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі
Мұрағаттарды және құжаттарды
басқару жөніндегі комитетінің
төрайымы
Жүсіп - "Жас Алаш" газетінің
Нұртөре Байтілесұлы бас редакторы
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 наурыздағы
№ 292 қаулысымен
бекітілген
Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойына дайындық
және оны өткізу жөніндегі iс-шаралар жоспары