Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етужөніндегі қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы
ҚазақстанРеспубликасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің2002 ж. 28 наурыздағы № 66 бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасындағы электр қуаты мен энергиясының рыногын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша тіркелген Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету Ережелері бекітілсін.
2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті қосымша тіркелген Ережелердің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика және минералдық ресурстар Вице-министрі П. Нефедовқа жүктелсін.
Министр | В.С. Школьник |
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2002 ж. 28 наурыздағы
№ 66 бұйрығымен
бекітілген
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын
қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Негізгі қағидаттар
1. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету Ережелері (ары қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша электр энергиясы рыногындағы субъектілердің өзара қарым-қатынастарын жетілдіру мақсатында жасақталған.
2. Ережелер Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің Техникалық оператор міндеттерін атқаратын «KEGOC» ААҚ-ның электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде электр энергиясы рыногындағы субъектілермен өзара қарым-қатынастарының тәртібін айқындайды.
3. Ережелер Қазақстан Республикасының электр энергиясы рыногындағы барлық субъектілер үшін міндеттілі.
2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
4. Осы Ережелерде келесі түсініктер мен анықтамалар қолданылады: