Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан
Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық
есебiн жасау ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 ақпандағы № 25
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002
жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.02. № 11 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігімен
келісілген
2002 жыл 8 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 ақпандағы № 25 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесіне:
Ереженiң барлық мәтiнi бойынша "кредиттер", "кредиттердiң", "депозиттер" деген сөздер тиiсiнше "заемдар", "заемдардың", "салымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспенiң бiрiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспенiң екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебi деген ұғымды, оны жасау тәртібін және ұсыну мерзiмiн, сондай-ақ шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
1), 3) және 11) тармақшалар алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: