Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн
арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске
асыру жөніндегі 2002 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 2 мамырдағы № 489 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2001 жылға арналған iс-шаралар жоспарының 1.5-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2002 жылға арналған iс-шаралар жоспары бекітілсiн.
2. "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 24-25, 300-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 2 мамырдағы № 489 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмдiлiгiн
арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегі 2002 жылға арналған iс-шаралар жоспары