Хронометраждық зерттеулер өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің 2002 ж.18 сәуірдегі № 445 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (салық кодексі) 553-бабындағы 6-тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген хронометраждық зерттеулер өткізу ережесі бекітілсін.
2. Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге осы бұйрықты жіберсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 18 сәуірдегі
№ 445 бұйрығымен бекітілген
Хронометраждық зерттеулер өткізу ережесі
Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (салық кодексі) 533 және 535-баптарына сәйкес әзірленген және хронометраждық зерттеулерді өткізудің мерзімі мен тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Хронометраждық зерттеу салық тексерістері түрлерінің бірі болып табылады. Салық қызметі органы шығарған нұсқама хронометраждық зерттеу өткізуге негіздеме болып табылады.
1) кешенді және тақырыптың құжатты салық тексерістерінің барысында;
2) салық төлеушінің өтініші бойынша;
3) салық қызметі органының шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
3. Хронометраждық зерттеулерді салық төлеушінің нақты кірісі және кіріс алумен байланысты нақты шығыстарды белгілеу мақсатында салық қызметі органы жүзеге асырады.
4. Хронометраждық зерттеу өткізу кезінде салық кодексінің 14-бабына сәйкес қызмет ететін салық төлеуші және (немесе) оның заңды (уәкілетті) өкілі қатысады.