Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы № 596 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы № 596 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналар:

1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Алматы» және «Еңбек-Ерменсай» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 2-тармақ өзгерді

2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 3-1 тармақпен толықтырылды

3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:

1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін;

2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 30 мамырдағы

№ 596 қаулысына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының

Тізбесі