Акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрінің 2002 жылғы 6 мамырдағы № 483 бұйрығы (күші жойылды)

Акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды
ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік Кіріс министрінің 2002 ж. 6 мамырдағы № 483 бұйрығы

 

ҚР  Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 289 Бұйрығымен күші жойылды

 

Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымы саласындағы бақылауды күшейту, сондай-ақ салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және дер кезінде түсуін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Акцизделетін өнімді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастырудың қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін.

2. "Акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйымдардағы акциздік қосындар туралы Ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 217, "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіретін ұйымдардағы акциздік қосындар туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 1163 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетке (Ғ.А. Толқымбаевқа):

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің аумақтық басқармаларына жеткізсін.

4. Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі департаментке (С.К. Елшібековке) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң:

осы бұйрық облыстық салық комитеттері мен Астана және Алматы қалаларының салық комитеттеріне дейін жеткізілсін;

осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының салық комитеттерінің басшылары акцизделетін өнімді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындардың жұмысын ұйымдастырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.