Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 289 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008.23.12. № 602 Бұйрығымен күші жойылды
Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымы саласындағы бақылауды күшейту, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. «Акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 6 мамырдағы № 483 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 31 мамырда № 1869 болып тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., тамыз, № 30) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасы (Н.Д.Байғазиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю.Юсупов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық комитеттерінің басшылары акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындардың жұмысын ұйымдастырсын.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Н. Рахметов |
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2007 ж. 10 мамырдағы
№ 289 бұйрығымен
Бекітілген
Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру ережесі