Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы
26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикасына құрылымдық
қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған негiзгi бағыттарын
iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 маусымдағы № 681 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж.
№ 357 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кeңicтiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикасына құрылымдық қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған негiзгi, бағыттары туралы" Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесiнiң 2000 жылғы 10 қазандағы № 81 шешiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикасына құрылымдық қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған негiзгi бағыттарын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және мүдделi ұйымдар (келісім бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 20 маусымдағы
№ 681 қаулысымен бекітілген
Кеден одағы және бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999
жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикасына
құрылымдық қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған
негiзгi бағыттарын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді