Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 2 шілдедегі № 713 қаулысы (ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 817; 31.08.03 ж. № 913 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi

Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi операторының қажеттi инфрақұрылымын және қызметiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, екiншi деңгейдегi банктер, басқа ұйымдар инвестициялайтын қаражат қаржыландыру көздерi болып табылады. Мемлекеттік бюджеттен осы мақсаттарға арналған инвестициялар талап етiлмейдi. Шетелдiк ұйымдардың инвестициялары тартылған жағдайда Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiнiң операторы акцияларының бақылау пакетi қазақстандық тарапқа тиесiлi болуы тиiс.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Осы Бағдарламада көзделген барлық iс-шараларды iске асыру мыналарды қамтамасыз етуге:

Мемлекеттік органдарға:

1) ақша айналымын бақылауды күшейтудi, қолма-қол ақшаның қалтарысты айналымын азайтуды және жанама салықтар бойынша алымдардың толық болуын қамтамасыз ету;

2) едәуiр кредит ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау үшiн банктiк жүйеге жинақтау;

3) бюджет ақшасының түсуiн және пайдаланылуын тиiмдi бақылауды және тиiсiнше мемлекеттік органдардың және құрылымдардың өкiлдерi тарапынан терiс мақсатта пайдалану мүмкiндiгiн болдырмауды ұйымдастыру;

4) республикалық және жергiлiктi бюджеттердегi түсiмдердi болжаудың тиiмдi мүмкiндiктерiн жасау;

5) айналыстағы қолма-қол ақша массасын (эмиссиясын) теңбе-тең ұстап тұруға байланысты шығыстарды қысқарту;

6) экономикадағы бақылаусыз ақша ағынына байланысты қылмыстың себептерiн жою;

7) халықты әлеуметтiк қолдау, әлеуметтiк жәрдемақылар, балаларға төленетiн ай сайынғы жәрдемақылар, зейнетақылар төлеуге кепiлдiктi қамтамасыз ету, халыққа қосымша қызметтер көрсету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырған кезде қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуды ендiру мүмкiндiгiн бередi.

Екiншi деңгейдегi банктерге:

1) бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiнде жұмыс iстеу және басқа банктер эмиссиялаған төлем карточкалары бойынша халыққа, сауда-сервистiк кәсiпорындарға қызмет көрсету;

2) клиенттер базасын кеңейту, есепке алу сапасын жақсарту;

3) халықтың қосымша ақша қаражатын тарту;

4) эквайринг қызметiн көрсетуден түскен кiрiстердi көбейту;

5) эмиссиялық-кассалық жұмысқа (ақшаны инкассациялау, өңдеу, сақтау) байланысты шығындарды қысқарту;

6) жүйеде есеп айырысуды ұйымдастырудың арнайы технологиясымен үйлестірiлген микропроцессорлық карточкалар пайдаланылатын болғандықтан қаржы залалдары мен тәуекелдерiн, жүйенi бұзуды және карточканы қолдан жасауды iс жүзiнде толық болдырмау және ақпаратты қорғау;

7) тауарларға ақы төлеу және қолма-қол ақша алу жөніндегі жаппай операцияларды орындау кезiнде off-line режимiн пайдалануға байланысты қатысушы банктiң орталық компьютерлiк жүйесiне түсетiн күштi азайту. Терминалдық карточкалармен және банкомат карточкаларымен жасалған электрондық инкассация операцияларының қарапайымдылығы, жылдамдығы, сенiмдiлiгi, байланыс желiлерiн жүргiзуде немесе жалдауда үнемдеу;

8) микропроцессорлық карточканың, сол сияқты басқа карточкалық төлем жүйелерiнiң магниттi жолағы бар карточкасының да терминалдық жабдығында қызмет көрсету мүмкiндiгiн бередi.

Сауда және қызмет көрсету ұйымдарына:

1) төлем карточкалары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын клиенттердiң қосымша санын тарту;

2) есепке алудың сапасын жақсарту;

3) қолма-қол ақшаның инкассациясына, сақтауға және өңдеуге кететiн шығыстарды төмендету;

4) клиенттерге жедел қызмет көрсету, авторизация жүргiзуге кететiн уақыт шығынының болмауы, қағаз құжаттарды қолмен жасау және өңдеу қажеттiлiгiнiң болмауы, жабдықтармен жұмыс iстеу үшiн мамандардың арнайы білімi және дайындығы талап етiлмейтiн операциялардың қарапайымдылығы;

5) барлық жасалған төлем операцияларына сауда ұйымы әкiмшiлiгiнiң тарапынан қарапайым ыңғайлы бақылау;

6) iрi және ұсақ сауда нүктелерiнде төлем жасауға карточкалар қабылдау мүмкіндігі;

7) сол сауда терминалында қызмет көрсетуге микропроцессорлық карточкаларды, сол сияқты әдеттегi магниттi карточкаларды да қабылдау мүмкiндiгiн бередi.

Микропроцессорлық карточкаларды ұстаушы клиенттерге:

1) жоғалту, ұрлау, есеп айырысуда қателер жiберу тәуекелдерiн болдырмау, алаяқтықтан қорғауға техникалық кепiлдiк беру;

2) салым бойынша пайыздар түрiнде қосымша кiрiс алу мүмкiндiгi, мұндайда карточкадағы ақша карточкалық есепшоттың жалпы теңгерiмiне кiредi;

3) жедел сатып алу, iрi және ұсақ сатып алу жасау үшiн карточкаларды пайдалану мүмкiндігiн;

4) микропроцессорлық карточка жоғалған кезде қаражаттың жұмсалмаған бөлiгi банкте қалады және клиентке қайтарыла алады;

5) карточканың көмегімен ақша аударымдарын және есепшоттарды төлеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн;

6) клиенттiң микропроцессорлық карточкасындағы транзакциялардың тiзiмi бойынша қаржы операцияларын жеңiл, ыңғайлы бақылауды, кез келген сауда нүктесiнде, банкоматта немесе банктiң офисiнде оn-line режимiнде соңғы операциялар бойынша анықтамалар немесе карточканың көкейкесті теңгерiмi бойынша жиi қажет болатын анықтаманы алу мүмкiндiгiн;

7) өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы арқылы микропроцессорлық карточкаға қаражат салу мүмкiндiгiн бередi.

Барлық ұйымдарға:

1) қызметкерлерге кассалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды төмендету;

2) есепке алу сапасын жақсарту мүмкiндiгiн бередi.

ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 817 қаулысымен iс-шаралар жоспары жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)

ҚР Үкіметінің 31.08.03 ж. № 913 қаулысымен жоспар өзгерді

 

8. Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының

ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру жөніндегі

iс-шаралар жоспары