Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 14 тамыздағы № 817 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі № 713 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 14 тамыздағы № 817 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі № 713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 21, 222-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасында:

"Паспорт" деген 1-бөлімде:

"2002-2003" деген сандар "2002-2005" деген сандармен ауыстырылсын;

"Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 14 тамыздағы

№ 817 қаулысына

қосымша

8. Микропроцессорлық карточкалар негізінде

Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары