Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 ж. 10 маусымдағы № 87 бұйрығы (2005.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстердің өндiрiсi жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 ж. 10 маусымдағы № 87 бұйрығы

(2005.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 220 бұйрығымен күші жойылды

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің күшіне енгізілуіне байланысты бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» әділет министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 54 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 25 мамырда № 1521 тіркелді;

2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылы 21 мамырдағы № 54 «Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» әділет министрінің 2001 жылғы 3 тамыздағы № 97 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 10 қыркүйекте № 1638 тіркелді.

3. Осы Бұйрық оның мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

Г. Ким

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2002 жылғы 10 маусымдағы

№ 87 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер өндiрiсi жөніндегі

нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі мiндетi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды айқындау болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.