Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 2 тамыздағы № 864 қаулысы (ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 392; 20.03.04 ж. № 364 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік
аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар
жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 2 тамыздағы № 864 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 392; 20.03.04 ж. № 364 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және мүдделi ұйымдар (келісім бойынша):

1) Ic-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

2) тоқсан сайын, есеп берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне тоқсан сайын, есеп берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берiп отыруды қамтамасыз етсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 2 тамыздағы

№ 864 қаулысымен

бекітілген

ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 392; 20.03.04 ж. № 364 қаулыларымен өзгерістер енгізілді

Қазақстан республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік

аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі

Іс-шаралар жоспары