3. Мыналар тәлімгер бола алмайды:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
3) жұбайын (зайыбын) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
4) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адам;
5) өзіне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адам;
6) бұрынғы бала асырап алушы, егер оның кінәсінен сот бала асырап алудың күшін жойса;
7) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам (адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді);
8) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;
9) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам;
10) тәлімгер болып тағайындалған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адам;
11) тәлімгерлік белгіленген кезде өзін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;
12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған адам;
2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру сияқты, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14) тәлімгерлік бойынша оқытудан өтпеген адам.
Егер тәлімгер болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) - 6), 10), 12) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тәлімгерлік туралы шартта айқындалған талаптармен, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрып жатқан балаға баруға, сондай-ақ баланың және осы білім беру ұйымы басшысының келісімімен баламен тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасауға;
2) білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) баланың қосымша білім беру қызметтерін, тәрбиелік және медициналық қызметтерді алуына көмек көрсетуге құқығы бар.
1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкетуге;
2) медициналық көмек көрсету үшін баланы медициналық ұйымға орналастыру немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, баламен оның тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасаған кезде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қарауына қалдыруға;
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқығы жоқ.
1) баламен бірге болу кезеңінде оның өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;
2) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, бала тұрып жатқан білім беру ұйымына баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, оның ауырып қалғаны, жарақат алғаны, медициналық көмек көрсету үшін баланың медициналық ұйымға орналастырылғаны немесе ішкі істер органдарына жеткізілгені туралы дереу хабарлауға;
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын сақтауға міндетті.
2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары аталған ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру тәртібін және осындай оқытудан өткені туралы сертификат нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган тәлімгерлік жөніндегі ұйыммен тәлімгерлік туралы шарт жасасады.
2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
9. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
10. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:
1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарға консультациялық көмек көрсетуге;
2) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды жүзеге асыруға;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлерді іріктеуді жүзеге асыруға;
4) тәлімгерлерге құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге;
5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті беруге;
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ тәлімгерлердің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
7) бала орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды, ішкі істер органдарын тәлімгерлік жүзеге асырылатын баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға қатысты күштеп немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асыру, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкіндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс.
2. Балаға тиесiн алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның банк шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi.
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелердегi балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланың күтіп-бағуды пайдалануға, тәрбие, білім алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетінің құрметтелуiне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуiне, ана тiлінiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнің сақталуына құқығы бap.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiн, емделетiн және сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледi.
30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына туғаннан үш (төрт) жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында балаларды уақытша бағып-күту үшін арнаулы бөлімшелер ашылады.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi девиантты мiнез-құлықты балалар орналастырылады.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі, тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін балалар орналастырылады.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылын, жасөспірімдер үйін және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын қоспағанда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ табысы аз және көп балалы отбасылардың алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтіп-бағуға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ балалар қабылданады.
Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) күтімге, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетуге және әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге мұқтаж, төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар қабылданады.
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылына он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына қабылдау тәртібі мен оларды күтiп-бағу шарттары Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасында айқындалады.
Жасөспірімдер үйінде балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады.
Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады.
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарына ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау және оларға беру үшін үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар, уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар, өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оларды қамқорлығына алған басқа да адамдардан алып қойған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды тәрбиелеуге қабылдаған отбасыларға жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады.
2. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары
31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары
1. Мүгедектігі бар баланың өз қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін жағдайдағы толыққанды өмірге дені сау балалармен бірдей құқықтары бар.
2. Мүгедектігі бар бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы.
3. Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының (заңды өкілдерінің), сондай-ақ бала мен отбасының жеке талаптарына сәйкес әлеуметтік қызметкердің және басқа да мамандардың басшылығымен жасалған баланың жеке даму жоспарына сай медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедектігі бар баланың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оны оқытуға, кәсіптік даярлауға, лайықты жұмысты таңдап беруге және жұмысқа орналастыруға қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
2. Мүгедектігі бар балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек
1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады.
2. Мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және оның күтімін жүзеге асыратын ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.
34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкіндiк жасайды.
2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн масс-медианы, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.
35-бап. Бала және дiн
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, білім беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөніндегі мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған білім беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап жаңа редакцияда
38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала психикаға белсенді әсер ететін заттарды, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
2. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни өшпенділікті қоздыруға бағытталған, тектік-топтық ерекшелікті, соғысты, терроризмді насихаттайтын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру, порнография бар, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін, сондай-ақ баланың рухани және имандылық тұрғысынан дамуына өзгеше түрде нұқсан келтіретін ойыншықтарды және ақпараттық өнімді көрсетуді, сатуды, сыйға тартуды, көбейтуді, прокаттауды және таратуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
39-1-бап. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кəмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тəртібін мемлекеттік бақылау