Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 ж. 11 шілдедегі № 240-І бұйрығы
(2011.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бұйрығымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жылжымалы құрамды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (М.Т. Бейсембаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі В.В.Шнейдмюллерге жүктелсін.
4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.