Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын берудің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 06-2-2/163 бұйрығы
ҚР Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туралы Ереженің 12-тармағының 10 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын берудің Ережесі бекітілсін.
2. Ұйымдастыру-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсін.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Туризм және спорт
жөніндегі агенттігінің
2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 06-2-2/163 бұйрығымен
бекітілген
Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын берудің
ережесі
1. Жалпы ережелер