Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 ж. 17 шілдедегі № 251-І бұйрығы
(2025.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.03. № 198 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халықаралық теңiз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.03. № 198 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi (М.Т.Бейсембаев) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келiссiн және мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Қ.Қ.Жақұповқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
| Министр | Нағманов К.И. |
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау министрі
2002 жылғы «___»_______ № ____
ҚР Көлік министрінің м.а. 2025.21.04. № 129 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрінің