Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 және 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 122 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 994 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
және 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 122 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қыркүйектегі № 994 қаулысы

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:

көрсетiлген қаулының қосымшасында:

IV "Шығындар" бөлiмiнде:

12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:

1 "Автомобиль көлiгi" iшкi функциясында:

215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" әкiмшiсi бойынша:

036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасында:

035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасында "3 400 000" деген сан "3 320 000" деген санмен ауыстырылсын;

040 "Лениногорск қаласы - Алтай Республикасы шекарасы автомобиль жолының құрылысы" кiшi бағдарламасында "300 000" деген сан "240 000" деген санмен ауыстырылсын;

044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" кiшi бағдарламасында "293 000" деген сан "253 000" деген санмен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 059 және 048-кiшi бағдарламалармен толықтырылсын:

"059 Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автожол салу 150 000;

048 Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы автомобиль жолын қайта жаңарту 30 000";

060 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту жөніндегі жобалау-iздестiру жұмыстары" бағдарламасында:

030 "Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кiшi бағдарламасында "100 000" деген сан "86 000" деген санмен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 038-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:

"038 "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау 14 000";

2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 122 қаулысына:

көрсетiлген қаулының 7-қосымшасында:

5-тармақта "Сырдария өзенi арқылы көпiрдi салу" деген сөздерден кейiн ", Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автожол салу "Бейнеу Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автожолын қайта жаңарту" деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 7-тармақта:

3) тармақшада:

"62" деген сан "22" деген санмен ауыстырылсын;

"жол бетiн салу - 4 км" деген сөздер алынып тасталсын;

4) тармақшада "17" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

"5) Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автожол салу, оның iшiнде:

жобалау-iздестiру жұмыстары;

жер төсемiн салу - 86,6 мың м3;

жол бетiн салу - 8 км;

жасанды құрылыстар салу - 33 дана;

көпiрлер салу - 2 дана;

6) "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңарту:

- жер төсемiн салу - 47,1 мың м3.";

көрсетiлген қаулының 23-қосымшасында:

6-тармақ осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 7-тармақтың екiншi абзацы "жолдарын қайта жаңарту" деген сөздердiң алдынан "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Бiр көзден алу тәсiлiмен мыналар бас мердiгер болып анықталсын:

Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автомобиль жолын салу және "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңартуды бастау бойынша - "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорны;

"Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын дайындау бойынша - "Қазжолжоба" ААҚ (Астана қ.).

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2002 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 994 қаулысына

1-қосымша

     "6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
 
 
 
   

                                               Қазақстан Республикасы

                                                    Үкіметінiң
                                             2002 жылғы 11 қыркүйектегі
                                                 № 994 қаулысына
                                                     2-қосымша
     "6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: