Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi қарқынды
бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1039 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 19 наурыздағы № 574 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасы мақұлдансын.
2. Астана қаласының әкімі Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасын Астана қаласының мәслихатына бекiтуге енгiзсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының