Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 17 қыркүйектегі № 701 бұйрығы (күші жойылды)

Қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация
комитетi төрағасының 2002 жылғы 17 қыркүйектегі № 701 бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында әуе көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты жұмыстарды ретке келтiру және одан әрi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлген қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша Нұсқаулық бекітілсiн.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары К.Т.Жанабергеновке жүктелсiн.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

Төраға

 

 

Омаров Б.

 

 

Келісілген:

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөніндегі

агенттiк төрағасы

2002 жылғы 18 қыркүйек

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлiк және коммуникациялар

министрлігінiң Азаматтық

авиация комитетi төрағасының

2002 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 701 бұйрығымен

бекітілген

Азаматтық әуе кемелерiмен қауiптi жүктердi тасымалдау

жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ереже

1. Азаматтық әуе кемелерiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасында 1992 жылы 2 шiлдеде № 1503-ХII бекітілген «Әуеде қауiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау» Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға 18-Қосымшаның Әуемен қауiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында, Doc 9284-AN/905 (бұдан әрi - Техникалық нұсқаулықтар), және осы Нұсқаулықта көрсетiлген талаптар мен ережелердi сақтау кезiнде әуе кемесiне және оның iшіндегі жолаушыларға қауiп төндiрмей қауiптi жүктердi тасымалдауға мүмкiн болатын кездегi ұшу қауiпсiздiгiнiң осындай деңгейiн қамтамасыз етумен бiр мезгiлде тасымалдарды жеңiлдетуге бағытталған шарттарды белгiлейдi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.