Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 қазандағы № 1145 қаулысы
ҚР Үкіметінің 05.09.03 ж. № 903 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
5, 6, 8 және 10-тармақтардағы "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі, Кедендiк бақылау агенттiктерi:
екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде министрлiктердiң (агенттiктердiң) Iс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарымен келісім бойынша әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникациялар, Сыртқы iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгі:
екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде министрлiктердiң (агенттiктердiң) бекітілген Iс-шаралар жоспарларына өзгерістер енгiзсiн.
4. Министрлiктердiң (агенттiктердiң) бекітілген және нақтыланған iс-шаралар жоспарлары 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. │
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 қазандағы № 1145
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескертпе. әрiптiк қысқарған атаулардың толық жазылуы:ІІМ - Iшкi iстер министрлігі
ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
СІМ - Сыртқы iстер министрлігі
МАКМ - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
ҚорМ - Қорғаныс министрлiгі
ҚОҚМ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Көлік және коммуникациялар
министрлігі
ЕХҚМ - Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
ҚарМ - Қаржы министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі
ӘдМ - Әділет министрлігі
МҚА - Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттік
МСА - Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттік
ЖРА - Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттік
КДА - Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігі
ТМРБҚА - Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттік
СА - Статистика жөніндегі агенттік
ТурСА - Туризм және спорт жөніндегі агенттік
ҚБА - Кедендік бақылау агенттігі
ТЖА - Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік
ҚПА - Қаржы полициясы агенттігі
Баспрокуратура - Бас прокуратура
ҰҚК - Ұлттық қауiпсiздiк комитеті
Ұлттықбанк - Ұлттық банк
ОӘІҰК - Отбасы және әйелдер істері жөніндегі
ұлттық комиссия
ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президентінің
Күзет қызметі
Есеп комитеті - Республикалық бюджеттің орындалуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті
жабық акционерлік қоғамы
"ШКДҚ" ЖАҚ - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"