Тракторлардың, өзі жүретін ауыл шаруашылық және мелиоративтік
машиналардың есебін алу әрі техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі № 281 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына сәйкес осы бұйрығының күші жойылды
"Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтік техниканың есебін жүргізу, оны мемлекеттік тіркеу және техникалық жай-күйін тексеру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 846 қаулысын орындау үшін бұйырамын:
1. Ұсынылып отырған Доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, сондай-ақ доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеу және олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаменті (Доскенов М.Ж.) заңнамалармен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықты орындауды қадағалау вице-министр Д.Айтжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің