Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қарашадағы № 1190 қаулысы

Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға
дейiн дамыту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қарашадағы № 1190 қаулысы


Қазақстан Республикасы Президентінің "Астананың гүлденуi Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2О05 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 19 наурыздағы № 574 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласының инженерлiк инфрақұрылымын және жолдарын дамытудың 2010 жылға дейiнгi жобасы мен бағдарламаларының тiзбесi мақұлдансын.

2. Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен жыл сайын жоба мен бағдарламаларды iске асыру үшiн қаражат көздесiн.

3. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға жоба мен бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 11 қарашадағы

№ 1190 қаулысына

қосымша

Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және

жолдарын дамытудың 2010 жылға дейінгі жобасы мен

бағдарламаларының тізбесі

 
 
 
 

таблицаның жалғасы:

 
 
 

     Ескерту: жоба мен бағдарламаларды қаржыландыруға жіберуге көзделетін

сомала тиісті жылға арналған республикалық  және  жергілікті  бюджеттерді
қалыптастыру кезінде нақтылануы тиіс.