Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасы төрағасының 2002 жылғы 24 қазандағы № 426 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.25.07. № 65 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы № 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1568 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне: