Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 желтоқсандағы № 1309 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 желтоқсандағы № 1309 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары қосу жолымен 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындары болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қайта құру жолымен:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Солтүстiк-батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Агроөнеркәсiп кешенi экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн.

5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. 2-қосымшаға сәйкес құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.

7. «ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1309 қаулысына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік

кәсiпорындары болып қосу жолымен қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының

 тiзбесi