Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрінің Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіндe 2002 жылы 28
ақпанда № 1782 тiркелген "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы
13 ақпандағы № 31-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 ж. 23 қазандағы № 246-п бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө Бұйрығымен күші жойылды
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың тетiгiн жетілдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2002 жылы 28 ақпанда № 1782 тiркелген, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің "Вопросы труда и социального обеспечения" бюллетенiнде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекітілген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесінде: