Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 1336 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 1336 қаулысы


Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

"Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты" деген 1-бөлiмде:

"Қаржыландыру көзi және көлемi" деген жолдағы "114,47" деген сан "112,47" деген санмен ауыстырылсын;

"Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде: екiншi абзацтағы "114,47" деген сан "112,47" деген санмен ауыстырылсын;

төртiншi абзацтағы "35" деген сан "34" деген санмен ауыстырылсын;

бесiншi абзацтағы "35" деген сан "34" деген санмен ауыстырылсын;

"Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiм осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 1336 қаулысына қосымша

8. Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың

2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын

iске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ