Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1434 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Мазмұны" деген бөлiм алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлiммен толықтырылсын:
"1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика.
сын жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Әзiрлеу үшiн "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998-2000
негiздеме жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске
асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N
119 қаулысы
Бағдарламаның Елiмiздiң басқару органдарының, iскер топтар мен
мақсаты жұртшылықтың басқа елдердiң тиiстi ақпаратымен
халықаралық деңгейде салыстыратындай елiмiздiң,
аймақтардың, экономика салалары мен секторларының
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы объективтi
статистикалық ақпаратқа деген қажеттерiн неғұрлым
толық қанағаттандыру үшiн Қазақстанның мемлекеттік
статистикасын жүйелi реформалау
Бағдарламаның Ұлттық статистикалық жiктемелер жүйесiн енгізу;
мiндеттерi статистикалық тiркелiмдердi дамыту;
статистикалық байқау әдiстерiн жетiлдiру және
кәсiпорындардың статистикасына көшу;
макроэкономикалық және салалық статистиканың
көрсеткiштерi жүйесi мен әдiснамасын жетiлдiру;
Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтiк-эконо.
микалық дамуын кешендi талдауды жетiлдiру;
жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және
бiрыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды
қалыптастыру;
статистикалық деректердi жариялау мен тарату
жүйесiн жетiлдiру;
статистика саласындағы кадрларға үздiксiз кәсiптiк
білім беру жүйесiн жетiлдiру;
статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Қаржыландыру Осы Бағдарламаны iске асыру Республикалық
көздерi бюджеттiң қаражаты, халықаралық ұйымдардың
гранттары мен заемдары есебiнен жүзеге асырылады
Іске асыру 1999-2005 жылдар";
мерзімі
"Кiрiспе" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кiрiспе";
"1. Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау";
"1.1. 1993-1998 жылдарда Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жетiлдiрудiң негiзгi нәтижелерi" деген бөлiмшенiң тақырыбы алынып тасталсын;
"1.2. 1999-2005 жылдары Қазақстанның мемлекеттік статистикасын одан әрi жетiлдiрудiң қажеттілігi, мақсаты мен басым бағыттары" деген бөлiмшенiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi";
1.2-бөлiмшенiң бiрiншi, екiншi, үшiншi абзацтары алынып тасталсын;
1.2-бөлiмшенiң бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаның мiндеттері:"
"1.3. 1999-2005 жылдарға арналған статистиканы одан әрi жетiлдiрудiң негiзiне алынған осы заманғы статистиканың негiзгi халықаралық стандарттары мен принциптерi" деген бөлiмше алынып тасталсын;
" 2. Қазақстанның статистикасын жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған басым бағыттары" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi";
2.1., 2.1.1., 2.1.2., 2.1.3., 2.2., 2.2.1., 2.2.1.1., 2.2.1.2., 2.2.1.3., 2.2.1.4., 2.2.1.5., 2.2.1.6., 2.2.1.7., 2.2.1.8., 2.2.2., 2.2.2.1., 2.2.2.2-бөлiмшелер 5.1., 5.1.1., 5.1.2, 5.1.3., 5.2., 5.2.1., 5.2.1.1., 5.2.1.2., 5.2.1.3., 5.2.1.4., 5.2.1.5., 5.2.1.6., 5.2.1.7., 5.2.1.8., 5.2.2., 5.2.2.1., 5.2.2.2-бөлiмшелер болып есептелсiн;
"2.2.2.2. Төлем балансы статистикасы" деген бөлiмшенiң он екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1998 жылғы бiрiншi тоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк секторы бойынша, 2001 жылғы бiрiншi тоқсаннан бастап экономиканың барлық секторлары бойынша халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастырады";
2.2.2.3-бөлiмше 5.2.2.3-бөлiмше болып есептелсiн:
"2.2.2.3. Сыртқы борыш статистикасы" деген бөлiмшенiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Iстiң жай-күйi. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстанның Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыштың (шетелдiк кредиттердi пайдалану және өтеу туралы тоқсандық есептілік (11-ОБ нысаны)), сондай-ақ мемлекеттік сыртқы борыштың және оған қызмет көрсетудiң (14-ПБ нысаны бойынша ресми шетелдiк қарыздар жөніндегі тоқсандық есептілік) мемлекеттік статистикалық есебiн ұйымдастырып, қамтамасыз етiп келедi.
1999 жылдың ортасында сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар, соның iшiнде бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындар мен шетелдiк кәсiпорындардың филиалдары үшiн № 1-ПБ "Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы мiндеттемелер туралы есеп" мемлекеттік статистикалық есептілігiнiң нысаны бекітілген, оны жинауды және өңдеудi Ұлттық Банк жүргiзедi. Бұдан басқа, Ұлттық Банк валюталық заңнама шеңберiнде капиталдың қозғалысына байланысты, Қазақстан Республикасына 100 мың АҚШ долларының баламасынан асатын сомадағы мүлiктiң (қаражаттың) түсуiн көздейтiн валюталық операцияларды тipкеудi жүргізеді.
Алынған ақпарат негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген және мемлекет кепiлдiк бермеген мемлекеттік сыртқы борыштың жай-күйi мен қызмет көрсетiлуiне талдау, сондай-ақ елiмiздiң жалпы сыртқы борышын бағалау қамтамасыз етiледi.";
2.2.3., 2.2.3.1 - бөлiмшелер 5.2.3., 5.2.3.1 - бөлiмшелер болып есептелсiн;
"2.2.3.1. Мемлекеттік бюджет статистикасы" деген бөлiмшенiң алтыншы абзацындағы "бекітілдi" деген сөз "тұрақты жетiлдiрiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.2.4., 2.2.4.1 - бөлiмшелер 5.2.4., 5.2.4.1 - бөлiмшелер болып есептелсiн;
"2.2.4.1. Қаржы секторы статистикасы" деген бөлiмшенiң үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша-кредит статистикасын жасауды жақсарту мақсатында екiншi деңгейдегi банктерде бухгалтерлiк есепке алу шоттарының Тәптiштелген Жоспары әзiрленiп, бекітілген, ол экономиканың секторлары мен резиденттiктiң белгiсi бойынша шоттарды тәптiштеудi жүргiзуге мүмкiндiк бередi. 2001 жылғы желтоқсаннан бастап ақша-кредит статистикасының талдамалы негiзi тұжырымдамалар мен анықтамаларды көрсетедi, олар тұтастай алғанда ақша-кредит және қаржылық статистикасы жөніндегі Басшылықтың ұсыныстарына сәйкес келедi.";
тоғызыншы абзацтағы "-Қазақстанның Ұлттық Банкiн статистикалық деректердi таратудың бiрыңғай жүйесiне (GDDS) қосу;" деген сөздер "-қаржылық шолу жасау мақсатында кредиттiк серiктестiктер мен қалған банктік емес қаржылық ұйымдардың шоттарын енгізу есебiнен институционалдық қамтуды ұлғайту;" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.2.5., 2.2.5.1., 2.2.5.2., 2.2.5.3., 2.2.6., 2.3., 2.3.1., 2.3.2., 2.3.3., 2.4., 2.5., 2.6., 3.2 - бөлiмшелер 5.2.5., 5.2.5.1., 5.2.5.2., 5.2.5.3., 5.2.6., 5.3., 5.3.1., 5.3.2., 5.3.3., 5.4., 5.5., 5.6., 5.7-бөлiмшелер болып есептелсiн;
"3. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және оны iске асыру тeтiгi" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi";
3-бөлiмнiң үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 2002 жылы 10 миллион теңге мөлшерiнде, 2003 жылы 1232,502 миллион теңге мөлшерiнде көзделген";
"3.1. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету" деген бөлiмшенiң тақырыбы алынып тасталсын;
"3.2. Бағдарламаны iске асыру тетiгi" деген бөлiмшедегi екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны iске асыруға негiзгi атқарушылар ретiнде Статагенттiкпен қатар осы қаулының қосымшасына сәйкес басқа да мемлекеттік органдар қатысады.";
тоғызыншы абзацтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Республикалық бюджет комиссиясына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi "7" бөлiммен толықтырылсын:
"7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламада қойылған негiзгi мiндеттердi шешу Бағдарламаны iске асыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізудi көздейдi, олар елiмiздiң басқару органдарының, iскер топтар мен жұртшылықтың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы объективтi статистикалық ақпаратқа деген қажеттерiн неғұрлым толық қанағаттандыруда көрiнуi тиiс.
Статистикалық тiркелiмдердi, статистикалық байқаулардың жiктемелерi мен әдiстерiнiң жүйесiн жетiлдiру елiмiздегi нақты сектордың дамуы туралы салыстырмалы әрi сапалы деректердiң тиiмдi өндiрiлуiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындар статистикасына көшуге қажеттi жағдайлар жасайды.
Барлық статистика салаларының әдiснамасын жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар кешенiн iске асыру Қазақстан туралы статистикалық ақпараттың сапасын көтерiп оның халықаралық деңгейде салыстырмалылығын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік статистика жүйесiне статистикалық ақпаратты толассыз электрондық өңдеудi қамтамасыз ететiн жаңа ақпараттық технологияларды енгізу статистикалық деректер өндiрiсiнiң жеделдiгi мен тиiмдiлiгiн арттырады.
Ақпаратты кодтау саласындағы осы заманғы халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу, сондай-ақ ақпаратты тарату жүйелерiн жетiлдiру бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыруға зор үлес қосады.
Статистиктерге үздiксiз кәсiптiк білім беру жүйесiн қалыптастыру тек осы бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етiп қана қоймайды, сонымен бiрге елiмiздегi статистикалық қызметтi одан әрi дамыту мен жетiлдiруге потенциал жасайды.".
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған негізгі іс-шаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының