Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1446 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Салауатты өмiр салты» кешендi бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 30-31, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасында:
мынадай мазмұндағы 1-бөлiммен толықтырылсын:
"1. Паспорт
Атауы "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы
Әзiрлеудiң негiзi Ел Президентінің Қазақстан халқына
"Қазақстан-2030" Жолдауын iске асыру және
салауатты өмiр салтын ынталандыру жолымен
ауруды болдырмау мақсатында
Негiзгi әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі
Мақсаты Халықтың денсаулығын жақсарту
Мiндеттерi Республика халқының салауатты өмiр салтын
қалыптастыру;
салауатты өмiр салтының артықшылығы туралы
халықтың хабардар болуын арттыру;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек
деңгейiнде денсаулықты нығайту;
аурудың алдын алу жүйесiн нығайту
Қаржыландыру Республикалық бюджет қаражаты есебiнен
көздері 2003 жыл - 31505,0 мың теңге
2004 жыл - 30767,0 мың теңге
2005 жыл - 30767,0 мың теңге
Iске асыру мерзiмi Орта мерзiмдi кезең: 2003-2005 жылдар.";
"Кiрiспе" бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кiрiспе";
бесiншi абзацта "және ұзақ мерзiмдi (2006-2010 ж.ж.)" деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзацта "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын";
"Салауатты өмiр салты: халықаралық тәжiрибе және Қазақстанның стратегиясы" деген 1-тарау алынып тасталсын;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстандағы проблеманың жай-күйiн талдау";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi:
Осы Бағдарламаның басты мақсаты халық денсаулығын жақсарту болып табылады.
Осы Бағдарламаны толық көлемде iске асыру үшiн мынадай мақсаттарға жету қажет:
1) халық арасында ұтымды тамақтану жөніндегі білім мен дағдының стандарттарын енгізу және оларды сапалы тамақтандыру бойынша көмек көрсету;
2) халықтың кең тараған топтарының арасында қозғалыс белсенділiгiн кеңейту үшiн жағдай жасауға көмектесу;
3) iшiмдіктi қолдануды шектеу жөніндегі ұлттық саясатты әзiрлеу, қабылдау және iске асыру;
4) халық арасында темекi шегудi қысқарту, балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың арасында олардың, таралуының алдын алу;
5) халықтың әртүрлі топтарының арасында нашақорлықтың бастапқы алдын алуды күшейту;
6) жастар арасында жыныстық қатынас мәдениетiн насихаттау, қатерлi мiнез-құлықты халық топтарының арасында алдын алу жұмыстарын күшейту;
7) жұқпалы аурулардың бастапқы алдын алуды күшейту;
8) экологиялық сауаттылығын күшейту, қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі ведомствоаралық көзқарасты қамтамасыз ету;
9) салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөніндегі саясаттың көзқарасы тұрғысынан заңнамалық базаны жетiлдiру;
10) осы заманғы ақпараттық техниканы пайдалана отырып, Қазақстан халқын денсаулық және салауатты өмiр салты туралы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
11) мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында салауатты өмiр салтының дағдыларына үйрету;
12) салауатты өмiр салты жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдын алу бағыттарын күшейту;
13) алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының салауатты өмiр салты жөнiндегі бағдарламасын енгізу және оларды салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi жөніндегі осы заманғы материалдармен қамтамасыз ету.
Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
1) Қазақстан Республикасы халқының салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
2) салауатты өмiр салтының артықшылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыру;
3) алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде денсаулықты нығайту;
4) аурудың алдын алу жүйесiн нығайту.";
3.1, 3.2, 3.3., 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8-тараулар алынып тасталсын;
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары:
1) тиiстi құқықтық ортаны қамтамасыз етудiң негiзiнде алдын алуға үйлестiрiлген салааралық көзқарас және денсаулықты нығайту;
2) хабардар болуын арттыруға кешендi көзқарас;
3) жеке, отбасылық, жалпы адамзат және қоғамдық деңгейлерде денсаулықты сақтау және нығайту жөніндегі халықтың қатынасын кеңейту және білімiн жетілдiру;
4) халықтың салауатты ұлттық өмiр салтын қалыптастырудың стратегиясын әзірлеуде бағдарламаны ғылыми сүйемелдеу, тұжырымдама әзiрлеу, проблемаларды анықтау және басымдылықтарды таңдау;
5) аурудың алдын алудың ынталандыру жүйесiн жасау, алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң шеңберiнде денсаулықты және салауатты өмiр салтын нығайту болып табылады.
Бағдарламаны iске асырудың негiзгі тетiгi белгіленген iс-шараларды кезең-кезеңмен орындауды көздейтiн оны iске асыру жөнiнде әзiрленген Iс-шаралар жоспары болып табылады. Іс-шаралардың кешенділігі барлық деңгейлердегi салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөніндегі қызметтi барынша үйлестiруге мүмкiндiк бередi.";
4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5-тараулар алынып тасталсын;
"Бағдарламалардың сыртқы және iшкi интеграциялануы" деген 5-тарау алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6, 7-тараулармен толықтырылсын:
"6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
2003 жылы мемлекеттік бюджеттен бағдарламаны iске асыру республикалық бюджетте бекітілген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.